Мәдениет

Жапонияда үйленген адамдар неге бөлек ұйықтайды?

Қазақта ерлі зайыптылар бір бөлмеде ұйықтайды емес пе?! Жапонияда мүлдем басқа. Олардың бөлек жатуға себептері де бар. Төменде тарқатып айтатын боламыз.

Ұйқы режимдері әртүрлі

Ең алғашқы себеп – жас жұбайлардың жұмыс кестесі мен ұйқы режимінің әртүрлі болуы. Сіз жұбайыңыздың ұйқысын жұмыстан кеш келгеніңіз немесе жұмысқа ерте кететініңіз үшін бұза алмайсыз. Өйткені ол дұрыс демалмауы мүмкін. Сол себепті жапондар бөлек ұйықтайды. Оның арқасында сапалы әрі тыныш ұйықтауға болады.

Балалар аналарымен бірге ұйықтайды

Балалардың аналарымен ұйықтауы – міндет. Сол себепті әкелер олармен бірге бөлмеде қалуды немесе басқа бөлмеге кетуді шешуі керек. Бір бөлмеде барлығы бірге ұйықтайтын болса, адамдардың жақсы демалып тұратыны ғылыми дәлелденген. Сонымен қатар мұндай кезде баланың денесінің температурасы да бірқалыпты болады. Одан бөлек ата-ана бұл арқылы аяқасты болатын бала өлімінің алдын алады. Бұның арқасында балада өзін жақсы көру және еркіндік пайда болады.

Бөлек жату тыныштық сыйлайды

Осылай бөлек жататын ерлі зайыптылар ажырасудан қорықпауға үйренеді (Олардың түсінігі басқаша). Олар ұйқыны ерекше бағалайды, ұйықтап жатқанда басқалардың мазалағанын жақтырмайды. Сондай-ақ жанындағы адамның ұйқы сұрағаны мен қорылдағанына шыдай алмайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button