Спорт

Қазақ шахматисі әлемнің үздік ойыншысын бірінші партиядан ұшырып жіберді

Әлемнің мықты шахматисі, Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) рейтингісінде екінші орында тұрған, былтыр Әлемдік Ерлер Кубогінде корона белгісін алған америка азаматы Фабиано Каруана қазақ шахмат ойыншысынан жеңіліп қалды.

Қазақстандық шахматист, гроссмейстер Ринат Жұмабаев оны алғашқы ойында-ақ жеңіп, 1/32 финалында-ақ жарыстан шығарып жіберді.

Турнир Ресейдің Сочи қаласында өтіп жатыр. Ринат Жұмабаев 1/16 финалда америка ойыншысы Сэм Шенкленд пен украин шахматисі Александр Арещенконың кездесуінде жеңген адаммен ойнайды.

Әлемдік кубоктің регламентіне сәйкес, жеңілген адам ойыннан шығып отырады. Бір матч екі партиядан тұрады. Тең түскен жағдайда, ұпай саны есептеліп, тай-брейк беріледі. Яғни, шапшаң ойын өткізіледі.

Айта кеткен жөн, қазақ шахматисі жарыста алғашқы болып кездескен Фабиано Каруана осы кубогтің былтырғы жеңімпаздарының бірі. Финалда норвег ойыншысы Магнус Карлсеннен жеңіліп қалған. Кездесу Лондонда өтіп, ойын 12 партияға созылады. Бірақ теңбе-тең түсіп, тай-брейк кезеңінде норвег шахматисі озып кетті.

Әлемдік Ерлер Кубогі 6 тамызда аяқталады. Жалпы қаржылай сыйлық қоры – $1 892 500. Ринат Жұмабаев – Қазақстанның үш дүркін чемпионы, гроссмейстер. Шахмат Олимпиадасы мен Азия ойындарына, Азия біріншілігіне қатысқан.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button