Спорт

Димаш Ниязов жайлы 5 факт

Нью-Йоркте полицей болып жұмыс істейтін 32 жастағы шымкенттік Димаш Ниязов бокстан 29 жастағы аргентиналық Джонатан Годойды жеңді. Жеңіл салмақтағы кездесу Майамидегі бокс кеші аясында өткен болатын және алты раундқа созылды. Төрешілердің шешімімен Ниязов жеңімпаз атанды.

Шетте жүрген қазақ баласының жеңісі бүкіл елді қуантты. Димашқа деген оқырмандардың қызығушылығы артып, ол туралы жақынырақ білгісі келетіндер де көп екен. Ендеше біз Димаш Ниязов туралы 5 факт дайындадық.

1.13 жасында ата-анасымен бірге Шымкенттен Нью-Йоркке көшеді. Өзінің айтқанындай, ол бала кезінде ағылшын тілін білмеген. Бірақ тіл білмеу оған мақсатына жетіп, кәсіпқой бокспен айналысуына және полиция қатарына қосылуына кедергі болмады. Әкесі Бруклиндегі құрылыста жұмыс істеді, анасы Key Food-да азық-түлік ораумен айналысып, түнде медбике оқуын оқыды.

2.Он үш жылдан кейін Димаш Ниязов «Нью-Йорктегі ең үздік полицей» атанды. Ол ірі наркобаронды қолға түсіруге көмектесті. Жедел іс-шаралар барысында Ниязов қылмыскерді есірткі толтырылған пакеттермен ұстаған.

3.Америкада полицей боп жұмыс істеудің қаншалықты қауіпті екенін Димаш жақсы түсінеді. «Кез-келген уақытта қауіп деңгейі 0-ден 100-ге дейін секіруі мүмкін» дейді ол. Димаш кезекшілік кезінде ешқашан атыс қаруын қолданбаған. «Құдайға шүкір» дейді бұған. Бірақ егер жағдай мәжбүр етсе, онда ол қарудан гөрі бокс шеберлігі тиімді болады деп үміттенеді.

4.2018 жылы Димаш Дженнифер есімді америкалық аруға үйленеді. Үйлену тойы Гавай аралдарында өткен.

5.Димаш жануарларды қорғау туралы бастама көтеріп, Қ.Тоқаевқа үндеу жолдайды. Ол «Жыл сайын өте көп жануарлар қырылады, ешкім жауапкершілікті өз мойнына алмайды. Қазақстандағы жануарлар біздің көмегіміз бен қорғауымызға мұқтаж. Оларды мазақ еткендер, өлтіргендер қатаң жазалануы керек» деп видео жазып, өзінің Instagram парақшасына жариялаған. Кейін Мемлекет басшысы үкіметке азаматтық қоғамдастықтармен бірігіп, жануарларды қорғау бойынша заң шығаруды тапсырды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button