Спорт
Илон Маск төбелеске шақырған ММА спортшысына жауап берді
Осы демалыста өткен UFC-262 турнирінде ММА спортшысы Бенеил Дариуш қарсыласын жеңіп, миллиардер Илон Маскты төбелеске шақырған еді.
Спортшының айтуынша, Теслаға тапсырыс беріп әлі ала алмай отырған көрінеді.
«Маскпен төбелескім келеді. Ағатай-ау, әйелімнің мәшінесі қайда а?» – деген еді спортшы турнирден кейінгі баспасөз-конференциясында.
Tesla және SpaceX компаниясының негізін салушы спортшының шақыртуына былай деп жауап берді:
«Жақында келеді! Кешігіп жатқанына кешірім сұраймын!», – деп жазды Твиттерде миллиардер.
Айта кеткен жөн, аталмыш турнирде Дариуш танымал спортшы Тони Фергюсонды жеңіп, біршама абырой жинады.