ЖаңалықтарСпорт

Токиодағы тарихи сәт: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

Ендігі қарсыласынан тізімді озық тұр

Токио Олимпиадасына теннистен өнер көрсетіп жатқан отандық спортшымыз Елена Рыбакина жартылай финалға өтті.

Ширек финалда Рыбакина испаниялық Гарбинье Мугурусамен кездескен болатын. Әлемдік рейтингте 9-шы тұрған Мугурса қазақстандық спортлшыға қарсылық таныта алмады.

Небары екі сетке созылған кездесуде Елена Рыбакина 7:5, 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Токио Олимпиадасының финалына өту үшін Рыбакина швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

Спорт журналисі Руслан Меделбектің айтуынша, бұл – Қазақстан теннисі үшін тарихи жетістік, бұрын болмаған жағдай.

«Матч алдында Мугуруса фаворит еді. Рыбакина Токиода үш ойын өткізіп, барлығын екі сетпен аяқтады.

Ендігі қарсыласы – швейцариялық Белинда Бенчич. Елена рейтингі бойынша бұл теннисшіден жоғары тұр. Демек, жартылай финалда Рыбакина фаворит. Бірақ олимпиадада теннисте күтпеген жағдай көп болады. Күтейік», – дейді журналист.

ФОТО: Владислав Семенов

Ұқсас мақалалар

Back to top button