Спорт

Жанқош Тұраров WBO титулынан неге айырылып қалды?

Қазақстандық Жанқош Тұраров WBO титулына таласпауы мүмкін, деп хабарлайды Qadam.asia редакциясы Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

6 тамыз күні Белфастте (Солтүстік Ирландия) бокс кеші өтеді. Бұл кездесуде Тұраров жергілікті боксшы Тайрон Маккеннаға қарсы жекпе-жекке шығады деп жоспарланған болатын. Олар бірінші салмақ дәрежесіндегі WBO Inter-Continental титулы үшін белдеспек.

Алайда, BoxRec мәліметіне қарағанда, бұл кездесу болмайтын көрінеді. Маккеннаға қарсы рингке Тұраровтың орнына мексикалық Хосе Феликс шығады. Осылайша қазақстандыққа тиесілі болған WBO Inter-Continental бос титулы сарапқа салынбақ.

Еске салайық, Тұраров пен Маккеннаның жекпе-жегі екінші рет өтпейін деп тұр. Боксшылар сәуір айында Дубайда рингке шығуы керек болатын. Алайда қазақстандық спортшы коронавирус жұқтырып, жекпе-жек тоқтатылды.

Бұл жолғы кездесудің не үшін болмайтыны әлі белгісіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button