Спорт

Зульфия Чиншанло – Tokyo Олимпиадасының жүлдегері

Қазақстандық атлет 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Қазақстандық ауыр атлет Зульфия Чиншанло Токио Олимпиадасының қола жүлдесін иеленді. Бұл – Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші медалі.

Қазақстандық атлет 55 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.

Жұлқа көтеру бойынша 90 келіні, серпе көтеруден 123 келіні бағындырды.

Бұл салмақ бойынша филиппиндік Хидилин Диас Олимпиада чемпионы атанды. Қос жаттығу бойынша 224 келіні (97+127) еңсеріп, Олимпиада рекордын жаңартты.

Күміс медальды қытайлық ауыр атлет  Ляо Кин еншіледі. Ол қоссайыста 223 келі (97+126) көтерді.

Ал өзбекстандық Муаттар Нәбиева қос жаттығуда 212 келі көтеріп төртінші орында қалды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button