Технология

2077 жылы қандай киім сәнде болады?

Геймерлер көптен күткен видео-ойынның шығуын косплей фестивалімен атап өтті.

Cyberpunk 2077 компьютерлік ойынының жарыққа шығуы бүкіл әлемде косплейдің жаңа толқынын туғызды.

Cyberpunk 2077 – 1990 жылы шығып, культке айналған Cyberpunk 2020 рөлдік ойынның жалғасы боп есептеледі. Жобаны алғаш рет Польшаның CD Projekt RED компаниясы 2012 жылы жариялаған болатын.

Ойын оқиғасы 2077 жылы ойдан шығарылған Найт-Сити қаласында ұйымдастырылған, онда бірнеше қылмыстық топтар арасында шайқастар болады.

Басты кейіпкердің аты – V. Кейіпкердің жынысын, сыртқы келбетін және өткен шақтағы өмірін ойыншылар өздері таңдай алады.

Бас кейіпкер саяхатшы ма, ірі корпорация өкілі ме, әлде жай жүрген көшедегі жігіт пе – сюжет те соған қарай құрылады.

Cyberpunk 2077 шығарылымы бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Бастапқыда 2020 жылдың сәуірінде жарық көреді деп жоспарланған.

Нәтижесінде тек 10 желтоқсанда ғана іске қосылып, ал сатылымы жағынан небәрі екі күн ішінде барлық болжамдардан асып түсті.

Алдын ала тапсырыс беру кезеңінде ойынның 8 миллион данасы сатылған.

Ойынның бағдарламасы жасақталып жатқанда, көптеген жылдар бойы косплеерлер де өз туындыларын шығарумен болды.

Көптен күткен әлемдік премьерада косплеерлер ойынның бас кейіпкерінің ондаған образын жарыққа шығарған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button