Технология

Apple жоғалған заттарды тауып беретін AirTags құрылғысын нарыққа шығарады

Apple компаниясы алғаш рет ақылды AirTags таңбашасын таныстырды. Бұл кішкене ғана таңбаша жоғалған заттарды табуға көмектеседі екен.

Бұл құрылғының ерекшелігі сол – картадағы орналасқан жері арқылы құлаққаптан бастап, автокөлікке дейін кез келген дүниені тауып бере алады. AirTags Apple гаджетіндегі Локатор қосымшасының көмегімен жұмыс жасайды.

Apple компаниясы бұл құрылғы құпиялылық ережелеріне сай және онымен адамдарды қадағалау мүмкін емес деп уәде беріп отыр.

AirTags 29 доллар тұрады (12 528 теңге). АҚШ-та 23 сәуірден бастап сатылымға шығады, ал кейінірек басқа да нарықтарда пайда болады деп күтілуде.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button