Болашақ жақын. Әлемде алғаш рет ұшатын көлік құрастырылып шықты
Әлемде алғаш рет ұшатын көлік құрастырылып шықты. Көліктің атауы – Aircar. Құрастырған – неміс профессоры Стефан Кляйн. 2021 жылы 28 маусымда Aircar ұшу көлігі тестілеуден өтіп, алғаш рет бір қаладан екінші қалаға ұшып барды.
Ұшқыш көлік Словакиядағы Нитра қаласынан шығып, Братислав қаласына дейінгі 85 шақырым жолды 35 минутта ұшып өткен. Екі қаланың арасында жол 96 шақырым. Жай көлікпен баруға 1 сағат уақыт кетеді.
Рөлге құрастырушының өзі отырған екен. Айтуынша, «көлік керемет ұшатын» көрінеді. Көлік осы күнге дейін 140 рет тестілеуден өткен. Бірақ бұл жолғысы – нағыз амбиция.
Көліктің жылдамдығы 190 км/сағатқа жетеді. Жүрегінде BMW-нің қос қозғалтқышы тұр. Бензинмен жүреді. 160 аттың күші бар. Көлік небары 135 секундтың ішінде қанатын жайып ұшып кетеді. 2,5 шақырым биікке көтеріле алады.
AirCar-дың ендігі моделінің жылдамдығы 300 км/сағатқа жетпек. Бір ұшқанда 1000 шақырымды ұшып өтуге қауқарлы болмақ. Қозғалтқыштың қуаты 300 аттың күшіне жетеді деген болжам бар.
Стефан Кляйн (Stefan Klein) бұл көлікті құрастыруға 20 жыл уақыты кеткен.
Ұшқыш көлікті жасап жатқан компаниялар баршылық. Бірақ оның бірде-бірі Aircar-ға жетпейтін көрінеді. Көбі дұрыс ұша алмайды. Aircar-дың бір кемшілігі бар: ол – көлденең ұша алмайтыны. Сондықтан қаланың ішінде ұшып, көшенің ортасына барып қона алмайды.
Егер компания аталмыш жобаның толық іске іске қосса, тек АҚШ-тың өзінде-ақ бір жылдың ішінде 40 мың ұшқыш көлік шығаруға қауқарлы екен.