ДНК-ның құдіреті: Фотосурет пен музыканы адам геніне сап сақтауға болады
Ақпараттық мәліметтердің барлығын – видео, фотография, музыка болсын – бәрін ДНК-ның ішіне сақтап, қор құруға болады. Яғни, адам ДНК-сын мәліметтерді жинақтауға, сақтауға арналған флешк не қатқыл диск ретінде қолдануға болады. Бұл жайлы АҚШ-тың Массачусетс технология институтының ғалымдары жариялаған зерттеуде айтылған.
Ғалымдардың айтуынша, әлемде қазір 10 трлн гигабайтқа жуық ақпарат бар екен. Ал күн сайын 2,5 млн гигабайт ақпарат өндірілетін көрінеді. Мұндай алып, ауқымды ақпаратты жинап сақтау үшін де қыруар қаржы жұмсалады. Бүкіл ғалам қазір сандық форматқа көшіп жатыр. Оның бәрін мұрағатқа көшіру, онда сақтау мен жинақтау үшін – мол қаржы мен ресурс қажет. Сандық дәуірдің мәселесі де сол – бұл шығынды азайтудың әзірше оптималды варианты жоқ.
Алайда МТИ зерттеушілерінің айтуынша, осыншама мол ақпаратты тиімді әрі ақысыз сақтаудың бірден-бір жолы – ДНК-ны пайдалану. ДНК-ға ақпарат сақтау үшін қазіргі байланыс операторлары сияқты алып орталықтар мен мәліметті өңдеу базасын құрып қажет емес.
Зерттеушілердің айтуынша, қомақты мәліметтің бәрін бір мұрағатқа тегін жинап, соны ДНК-ға салса жеткілікті. Әрі оны күтіп ұстау үшін де қаржы қажет емес.
ДНК-да мәлімет сақтау тәжірибеде бар нәрсе. Бірақ ДНК-ның толық зерттелмеуіне байланысты мәтін, сурет пен видеоны бөлек-бөлек файлға сап сақталатын. Енді оның бәрін бір файлға жинап сақтауға болатын жол табылды.
Ғалымдардың айтуынша, ДНК-ның табиғаты өте берік, сондықтан өте көп мәліметті сақтап, бойына жинақтай алады. ДНК-ның ішінде кремнезема молекулалары болады. Соның 6 микрометрлі өлшемін алып, 20 фотосурет сыйдыруға болады. Әрі ДНК-ның жалғалмалы қасиетін пайдаланып, файлға ат пен белгі қоюға мүмкіндік бар. Бәрін жинақтап бір альбомға біріктіруге болады. Әрі керек кезде, альбомды ашып, керек еместі алып тастауға да мүмкіндік бар көрінеді.
ДНК-да мәлімет сақтаудың тағы бір артықшылығы, ғалымдардың айтуынша, осыншама мол қомақты ақпаратты берік әрі сенімді сақтауға болады. Байланыс орталықтарындағыдай жоғалып не жойылып кетуге жол жоқ. ДНК-ның мұндай қасиетін зерттеушілер «төтенше тұрақты» деп сипаттаған екен.