Технология

Смартфонның бітер дәуірі аз қалды: Оның орнына не келуі мүмкін?

Қазір технология әлемі өте жылдам өзгеріп жатыр. Смартфон телефонның пайда болғанына арғы-бергі он шақты жыл ғана болды. Бір осынау он жылдың ішінде смартфон экран қандай жетістіктерге жетіп үлгерді. Бұрынғы практикалық құрылғылардың бәрін бір аппаратқа жинап, түр танитын Face-бақылауға дейін жетті.

Жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан әлемде смартфонның орнын басар технологияның келмеуі мүмкін емес. Ендеше смартфонның орнына қандай технология келіп, дүниені жаулауы мүмкін, соны қарастырып көрейік.

Мәселен, Qualcomm компаниясының президенті Кристиано Амонның айтуынша, смартфон дәуірінің бітуіне аз қалды, оның орнына қоршаған ортаны реалды өмір қылып көрсететін технология, яғни, AR-технологиялар келмек. 4G-ның орнын 5G не 6G келсе болғаны – смартфон дәуірі бітеді.

Қазір виртуалды әлемді (VR) игерумен әлемдік транскорпорациялардың бәрі айналысып жатыр. Apple, Microsoft, Google сынды ақпараттық технологиямен айналысушы ірі компаниялар қазірдің өзінде AR өнімдерінің прототипін жасап үлгерді.

«VR/AR саласында еңбектеніп жатқан құрастырушыларға бір нәрсе ғана жетпей тұр. Ол – мобилділік (ұтқырлық, жинақылық). Жақын арада қоршаған ортаны шынайы көрсетер көзәйнектер нарыққа шығары анық. Қарапайым көзәйнектен айырмашылығы сол – ол ақылды дүние болмақ. Әлеуметтік желі мен ақпараттық ортада сөйлесуге, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін құрамдас құрылғы болады. Әрі коммуникация саласына төңкеріс әкелмек», – дейді Амон.

Оның сөзіне қарағанда, ХХ ғасыр фантаст-жазушылары суреттеп кеткен әлемге жақын қалдық.

«Ондай технологиялардың қазірдің өзінде бар. 5G қосылса, бұлт сервистің есептеу қуаты бірнеше есе өсіп, байланыс кәдімгідей жылдам болмақ«, – дейді ол.

Ұқсас мақалалар

Back to top button