Технология

Жапония тұрғыны YouTube-ке фильм жүктегені үшін тұтқындалды

Жапонияда үш азамат YouTube-ке фильм жүктегені үшін тұтқындалды. Оларға авторлық құқықты бұзды деген айып тағылған.

Жапонияда «қысқа фильм» көп тараған. Негізгі фильмді алып, қысқа-қысқа үзінділерін жинақтап, субтитрін қосып шығаратын 10 минуттық шағын ролик. Фильмнің оқиғасы мен баянын содан-ақ білуге болады.

Ал ұсталған екі ер адам мен бір әйел адам осындай роликтерді автордың рұқсатынсыз ұрлап таратқаны үшін ұсталған.

Жапония құқық қорғау органдарының хабарлауынша, бір жылдың ішінде 55 аккаунттан осындай бейресми 2100 ролик тарап, кинофильм иегерлеріне 95,6 млрд доллар шығын әкелген.

Роликті бет-алды таратқан құқықбұзушылар жарнамадан миллиондаған қаржы табу үшін жұмсайды.

Айта кеткен жөн, Жапонияда авторлық құқық жақсы қорғалған. Оны бұзған адам қылмысқа барғанмен бірдей жауапкершілік арқалайды.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button