Технология

Желіде Facebook-тегі жеке деректеріңізді тексеретін сайт пайда болды

Осы айдың басында хакерлік форумдардың бірінде 106 елден 533 миллион Facebook қолданушысының жеке деректері бар мәліметтер базасы жарияланды. Бұл база ашық алаңға енгізілгендіктен, мәліметтер де қолжетімді болған. Демек, алаяқтар сіздің аккаунтыңызды «қыспаққа алды» деген сөз.

Базада өз аккаунтыңыздың бар-жоғын Have I Been Zuckered арнайы сайты арқылы тексеруіңізге болады.

Ол үшін тек Facebook-те тіркелген телефон нөміріңізді жазасыз. Егер аккаунтыңыз табылмаса: «Lovely! The phone number you entered was not found in the data breach.» мәтіні шығады. Егер сіздің деректеріңіз бұзылған болса, онда мүлдем басқаша ақпар аласыз. Бұл жағдайда барлық құпия сөздерді өзгерту ұсынылады, мүмкіндігінше екі факторлы аутентификацияны қосқаныңыз жөн.

Естеріңізге сала кетейік, сыртқа шыққан мәліметтер базасында телефон нөмірлері, идентификаторлар, аты-жөні, орналасқан жері, туған күні, өмірбаяндық ақпарат және электрондық пошта мекен-жайлары бар. Бұл ақпараттың бәрін алаяқтар фишинг, әлеуметтік инженерия және хакерлік әрекеттері үшін пайдалана алады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button