Жаңалықтар
Қазақстанда 8 мыңға жуық адам ұсталды – ІІМ
![](https://qadam.asia/wp-content/uploads/2022/01/photo_92263-780x450.jpeg)
10 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстанда 7939 адам ұсталды.
Штаб мәліметінше, Ұлттық Ұланның және арнайы бөлімшелердің әскери қызметкерлер жедел іс-шаралар өткізу кезінде Алматыдағы екі базарда 207 адам ұсталған.
Ұрланған 5 автокөлік, ұрланған тауар-материалдық заттар (жаңа компьютерлік процессорлар, ноутбуктер, музыкалық орталық), сондай-ақ 2 бірлік тегіс ұңғылы және 4 суық қару тәркіленді.