Жаңалықтар

13 жастағы жапониялық Олимпиадада алтын медаль жеңіп алды

Жапониялық Момидзи Нисия Токио Олимпиадасында скейтбордингтен «стрит» дисциплинасында алтын медаль жеңіп алды. 13 жастағы спортшы 15,26 ұпаймен жеңіске жетті.

13 жастағы бразилиялық спортшы Раисса Леал 14,64 ұпаймен екінші орынға жайғасты. Ал үшінші орында – 16 жастағы жапониялық Фуна Накаяма.

Айта кетейік, скейтбординг Токиодағы ойындарда олимпиада бағдарламасына алғаш рет енгізілді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button