Жаңалықтар

 2021 жылдың соңына дейін Алматыда крематорий салынады

Крематорий құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады. Бұл туралы Алматы қаласы жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрышев брифинг кезінде айтты.

«Біз объектіні крематорий деп атамаймыз. 2020 жылы біз патологоанатомиялық бюроны пайдалануға енгіздік. Бұл ЖЭО-2 оңтүстігінде. Бұл нысан патологиялық-анатомиялық бюроның бөлімшесі болып табылады, оның функционалдық мақсаты – биологиялық және медициналық қалдықтарды кәдеге жарату», – деп нақтылады Сапар Нұрашев.

Спикер қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталғанын айтты.

«Нысанның ішінде жабдықты іске қосу-жөндеу монтажы жүріп жатыр. Жабдықтар Чех Республикасынан. Қазір өндіруші компания өкілдері келіп, монтаждау жұмыстарын жүргізуде», – деп түсіндірді Сапар Нұрашев.

Нысан 2021 жылдың соңына дейін аяқталады деп сендірді.

Бұған дейін Сапар Нұрашев крематорийді аяқтау және пайдалануға беру 2021 жылдың қыркүйегіне жоспарланғанын хабарлаған болатын.

Оның айтуынша, пандемия кезінде медициналық маскалар, костюмдер, пакеттер, таңғыштар, шприцтер, ПТР сынақтарын алуға арналған құралдар және тағы басқалар сияқты аса қауіпті биологиялық қалдықтар көп болған. Крематорий ЖЭО-2 маңында орналасады.

Дереккөз
Фото

Ұқсас мақалалар

Back to top button