Жаңалықтар

Алматыда тағы да қарақшылар ұсталды

Алматы полициясы Алматыда болған тәртіпсіздікпен, тонауға қатысы бар тағы 10 қарақшыны ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы комендатурасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұсталғандардың сегізі Жамбыл облысынан, екеуі Талдықорғаннан. Оларды Алмалы ауданының полиция қызметкерлері Байтұрсынов көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінен ұстаған.

Қарақшылардың үлкені 25 жаста, кішісі 19-да.  Пәтерден тұрмыстық техника дүкенінен ұрланған бірнеше заттар табылған.

Алдын ала тергеу мәліметіне сәйкес, ұсталғандар бірнеше күн бұрын Алматыда болған тәртіпсіздікпен, тонаудың белді мүшелері болғаны анықталған. Күдіктілер қамауға алынды.

Ұқсас мақалалар

Back to top button