Жаңалықтар

Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар

Кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан төмендегі көлемде жәрдемақы тағайындалады:

төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;

бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;

алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;

жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;

сегіз және одан көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге қосымша 4 АЕК бойынша жеті баладан кейінгі әрбір үшін.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен және басқа да ордендермен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналарға   ай сайын 6,4 АЕК (18 669 тг) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Арқылы
Фотосурет: aqmeshit-zhastary.kz

Ұқсас мақалалар

Back to top button