Жаңалықтар

Мектепке «Әліппе» қайтып оралды

«Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы

Енді 1-сыныпқа барған оқушылар «Әліппе» мен «Букварьді» оқымақ.

Бүгін Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында оқулықтарды таныстырды.

«Бірінші қыркүйекте өтетін іс-шарада біз алғаш рет мектеп табалдырығын аттаған оқушыларға салтанатты түрде «Әліппе» оқулығын табыс етуіміз керек. Бұл – игі дәстүр. Аталған бағыттағы жұмысты уақытылы ұйымдастыру кажет. «Әліппе» – бүлдіршіндердің алғашқы оқулығы. «Әліппе» оқулығы әзірленіп, өңірлерге жеткізіліп жатыр. «Әліппе» ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесі негізінде жасалды», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Дереккөз
ҚазАқпарат

Ұқсас мақалалар

Back to top button