Жаңалықтар

Қамшыбек Қоңқабаев – Токио Олимпиадасының қола жүлдегері

Қабағы жарылды

Қазақстан Олимпиада құрамасының капитаны, боксшы Қамшыбек Қоңқабаев көптен күттірген кездесуін өткізді.

91 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен отандасымыз Токио төрінде жартылай финалда АҚШ боксшысы Ричард Торреспен бокстасты.

Бірінші раундта америкалық боксшы алға ұмтылды. Қоңқабаев шегіне жүріп қарымта соққылар дарытты. Бұл раундты төрешілер АҚШ боксшысына берді.

Екінші раундта отандасымыз жойқын соққыларға жасады. Бірақ раундтың соңына қарай нокдаунға түсіп қалды.

Үшінші раунд – шешуші кезең. Алайда қазақстандық боксшының қабағы жарылып, кездесуді тоқтатуға тура келді.

Қамшыбек Қоңқабаев финалға өте алмады. Қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кеткен жөн, осы салмақтың фавориті, өзбек боксшысы Бохадур Жәлелов те қарсыласын техникалық шешіммен жеңіп, финалға өткен еді.

Ұқсас мақалалар

Back to top button