Жаңалықтар

Қазақстан қарттарының орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстанда қазір 2 млн 238 мың адам зейнетақы алады. Оларға жыл басыан бері 1,5 трлн теңге көлемінде зейнетақы қаржысы берілген. Ал орташа зейнетақының сомасы – 99 921 теңге.

Осылай деп ақпарат таратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Ведомстваның хабарлауынша, републикалық бюджеттен жарты жылда  базалық пенсияға 478,9 млрд теңге, ал солидарлы зейнетақыға 1083 млрд теңге бағыттаған.

«2021 жылдың 1 тамызындағы дерекке сәйкес, зейнетақының орташа көлемі – 99 мың 921 теңге», – дейді министрлік.

Ұқсас мақалалар

Back to top button