Жаңалықтар
Қазақстан жарты жылдың ішінде 5 млн доза Спутник V вакцинасын шығарды
Енді 2 млн доза шығармақ
Қарағанды фармацевтикалық кешені жарты жылдың ішінде 5,1 млн доза ресейлік Спутник V вакцинасын шығарған. Жыл соңына дейін тағы 2 млн доаза аталмыш вакцинаны өндірмек.
«Біз вакцинаны 18 градус салқын жерде сақтаудың тиімді жолын таптық. Өте тез арада. Кәсіби мамандар жиналып, вакцинаны шығарудың, құрал-жабдықты қолданудың жолдары үйретілді. Препаратты өндіру мен тасымалдауды жеделдеттік. Қысқа уақыт – екі айдың ішінде. Әрі Денсаулық сақтау министрлігі қолдауы көп әсер етті», – дейді кәсіпорын баспасөз қызметі.
Қазақстанда коронавирус вакцинасын жаппай салу науқаны 1 ақпаннан басталған. Жарты жылдың ішінде 5,4 млн адамға екпе салынды.