Елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаны 5,4 млн адам салдырды.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналында осылай делінген.
«2021 жылғы 2 тамыздағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 5 429 636 адам вакцина салдырды, II компонентті 3 837 063 адам егілген», – делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, кешегі мәлімет бойынша елімізде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 – ші компонентін 5 408 959 адам салдырған. 2 – ші компоненті егілгендер саны – 3 799 879.