Қазақстандықтар үй сатып алуды азайтты.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, осы жылы шілде айында 46,2 мың сатып алу келісімшарты жасалған. Бұл өткен айға қарағанда 14,4 пайыз аз.
Бірақ былтырғы жылдың шілдесіне қарағанда әлдеқайда көп. Нақтырақ айтсақ, 73 пайыз көп екен. Ал биыл қаңтар мен шілде аралығында нарықтағы тұрғын үйдің сұранысы 2 есе өскен.
Шілде айында барлығы 33 мың пәтер, 13 мың жер үй сатылған.
Ең көп сатылғаны – Алматы (6,8 мың), Нұр-Сұлтан (5,7 мың) және Қарағанды облысы (5,4 мың).