Жаңалықтар

Жириновский қазақстандық орыстарды еліне шақырды

Ресейлік саясаткер және Мемлекеттік Думаның депутаты Владимир Жириновский Ресейге көшуге ниет білдірген Қазақстандағы барлық орыстарға Ресей паспортын беру процесін жеделдетуді ұсынды.

«Мүмкін Орталық Азиядағы жағдай ушығады. Мен өзім сол жақтанмын, жерлестеріме үлкен шиеленісу мен қақтығыстарды күтпей, Ресейге көшуге кеңес беремін. Біз ішкі істер министріне Орталық Азиядағы және Қазақстандағы барлық орыстарға төлқұжат беруді тездету туралы хат жібердік. Олар екі не бір жыл емес, бір айда құжаттарды алуы керек. Сыртқы істер министрлігіне Орталық Азиядағы және Қазақстандағы барлық консулдық қызметтерге өз жұмысын күрт күшейтуді және штаб-пәтерін көбейтуді тапсыру қажет. Кімнің кеткісі келсе, соған барлығы қолжетімді болуы керек», – деді Жириновский.

Аты шулы саясаткер өзінің 60-жылдары Қазақстаннан қалай кетіп қалғанын есіне алды.

«Мен өзім 1964 жылы 3 шілдеде кетіп қалдым. Ол жерде соғыс болды ма? Жоқ, Қазақстан тәуелсіздігін алды. Мен Грузияда қызмет еттім. Ол жерде жаман болды ма? Жоқ, барлығы жақсы болды. Бірақ қазір орыс Грузия шекарасында қалып қойды. Адам екі жыл шекарада қиналады. Орыс не грузин екеніңді дәлелдеп көр. Оған Ресей паспорты тек екі жылдан кейін беріледі. Мен уақытында кетіп қалдым. Қауіпті аймақтан басым істеп кетіп қалдым, ал жанымдағылар қайдағы жоқ «ұлттар достығы» туралы айтып жүрді. Біз Украинаны алдық. Күн сайын орыстар өліп жатқанда, осыны халықтар арасындағы достық дей ме?» – деді Жириновский.

Дереккөз
orda.kz

Ұқсас мақалалар

Back to top button