Қазақстанның сатып алуды жоспарлап отырған вакцинасы қауіпті болып шықты
COVID-19 вирусына қарсы вакцина дайын болды ма?
Қазір әлемнің түкпір-түкпірінде коронавирусқа қарсы вакциналардың көптеген нұсқаларына тәжірибелер жүргізілуде. Олардың кейбіреуі сынақтардан толық өте алмай жатса, кейбіреуі сынақтардан өткенмен біраз уақыттан кейін күтпеген салдарын көрсетіп жатыр.
Жақында медицина саласында жұмыс істейтін АҚШ-тағы екі адамның ағзасында BioNTech/Pfizer коронавирустық вакцинасына қатты аллергиялық реакция туындағаны белгілі болды.
Мұндай күтпеген реакция бірінші болып Аляскада тұратын медицина саласының қызметкерінде препарат енгізілгеннен кейін он минуттан соң пайда болған. Шұғыл әрекетке кіріскен дәрігерлер тәжірибе жүргізілген бұл қыздың анамнезінде аллергияға бейімділік байқалмағанын хабарлады. Соңғы мәліметтерге қарағанда, қазір ол қыздың жағдайы тұрақты көрінеді.
Бұл оқиғадан кейін өндірушілер жүргізілген тәжірибені және вакцинаны мұқият тексеруге уәде берді.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жақында ғана қазақстандық және ресейлік вакциналардан бөлек, елімізде келесі препараттарды қолдануды қарастырып жатқанын мәлімдеген болатын:
1. «AstraZeneca» компаниясына қарасты Оксфорд вакцинасы (Ұлыбритания) – бұл вакцинаға тәжірибе жүргізілген адамдардан «түсініксіз реакциялар» табылған;
2. «Sinovac Biotech» компаниясының вакцинасы (Қытай);
3. «Moderna», «Pfizer» және «BioNTech» компанияларының вакцинасы (АҚШ, Германия) – бұл вакциналардың үшінші фазасы дәрілік затты сынаушылардың 90 %-дан астамында препараттың тиімділігін көрсетті.
90 % тәжірибе сәтті шыққанымен, кейбір сынақтардың «түсініксіз реакция» тудырып жатқаны алаңдатады.
«Qadam.asia»