Денсаулық & Психология

Бүгін мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды

1 наурыздан бастап Елордада коронавирусқа қарсы екпе мұғалімдерге, балабақша тәрбиешілеріне, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне салынып бастады.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл топқа 15 мыңнан астам адам кіреді.

Осы санаттағы адамдарды вакциналау үшін ел астанасында 36 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе егу бөлмелері ұйымдастырылды. Сондай-ақ екпе салдыртуға ведомствоаралық ұйымдар да қатысады.

«Мұғалімдер мен тәрбиешілерге вакциналау АМСК ұйымдарына білім беру ұйымы бекітілген жері бойынша жасалады. Вакцина алатындардың тізімдері жасалды, тиісті емханаларға жіберілді», – деп хабарлады басқарма қызметкерлері.

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап Елордада барлығы 2 126 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Өткен демалыс күндері басқарманың қоймаларына 7 мыңнан астам вакцинаның жаңа дозасы түсті.

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button