Қоғам

Жер комиссиясының мүшесі қандастар мәселесін көтерді

Ауыл шаруашылық саласының сарапшысы Алмасбек Садыров жер комиссиясының отырысында қандастар мәселесін көтеріп, оларға жер беруге шектеу мен кедергілер қоймауды ұсынды.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкердің айтуынша, дүниежүзінен жинай алмай жатқан қазақ қандастарға қолдау көрсетудің орнына, шектеу қою дұрыс емес.

«Бұл – жалаң сөз емес. Экономикалық жағынан негізі бар ұсыныс. Өйткені осыдан 16 жыл бұрын Қазақстанда мал ұстайтындардың 70 пайызы жергілікті қазақтар болса, 30 пайызы – қандастар болатын. Ал қазір жағдай мүлде өзгерді. Енді мал ұстайтындардың 70 пайызы – қандастар құрап отыр. Ендеше Қазақстанды ауыл шаруашылық өнімімен қамтамасыз етіп отырғандар – өзіміздің қандастарымыз. Оларға жер беруді шектесек, онда экономикаға залал келері сөзсіз. Олар малдың қадірін біледі. Мал ұстай алады. Отанына қолдау сұрап келген қандастарымызды кеудеден тебу ғана қалған екен«, – деді Садыров.

Айта кеткен жөн, жақында ҚР Мәжілісінде жер қатынастары жайында заңнамаға өзгерістер енгізіліп, шетел азаматтарына ғана емес, әлі азаматтық алмаған қандастарға да жер беруге тыйым салынады деп жазылған еді.

«Қандастарға бағбандық, өзіндік қосалқа шаруашылық жүргізу мен саяжай салу арналған жер телімдері ауылды елдімекен аумағынан беріледі. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер берілмейді«, – делінген құжатта.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button