Алматыда бүлдіршіндер коронавирусқа шалдығып жатыр
Алматыда коронавирусқа шалдыққандардың арасында балалар да бар. Бұл жайлы қала әкімдігі хабарлады.
Қала әлі «қызыл» аймақта. Өткен тәулікте 330 адам коронавирусқа шалдыққан.
«Олардың арасында бүлдіршіндер мен мектеп оқушылары бар. Жалпы саны саны – 45. КВИ-ге шалдыққан бүлдіршін саны 3 есе, мектеп оқушылары 4 есе өскен. Ата-аналарға профилактика мен түсіндіру жұмысын күшейтуді өтінеміз«, – дейді әкімдік таратқан хабарламада.
Егде жастағы, әсіресе, 65 жастан асқандарға коронавирус жұғу қаупі жоғары. Сондықтан бұл жастағы тұрғындардың мейлінше үйде болғаны жөн.
«Сондай-ақ, 20-29 жастағы азаматтардың вирусқа шалдығуы жиіледі. Тұрғындар коронавирусты көбінесе, той, еске алу, қонақ шақыру сынды отбасылық мерекелерден жұқтырып жатыр«, – делінген хабарламада.