Бизнес

Жалған хабарландыру: Алаяқты қалай анықтаймыз?

Онлайн-сервистердің дамуымен бірге интернеттегі алаяқтық та өсіп келеді. Кез келген интернет қолданушысы онлайн сауда жасау кезінде түрлі алаяқтық істерге тап болуы мүмкін. Бүгін біз сіздермен тегін жарнама беру сервистерінде алаяқтықты қалай анықтауға болатындығы туралы кеңестермен бөлісеміз.

Хабарландыруды зерттеңіз

Егер сіз онлайн-сервис арқылы зат сатып алғыңыз келсе, алдымен хабарландыруға назар аударыңыз. Алаяқтар пәтер, автомобиль, техника сату жөніндегі жалған хабарландыруларда өте тиімді бағаны көрсетеді. Сіздің сеніміңізге кіру үшін жалған документтерді де жүктеп қояды. Тауарды тиімді бағамен алу үшін алдын ала төлем жасауыңыз керек болады. Алаяқ ақшаңызды алып алған соң, сіз онымен кері байланысқа шыға алмайсыз.

Бағасын салыстырыңыз

Алаяқ сатушы сайттағы өтімді тауарлардың бірін төмен бағамен ұсынуы мүмкін. Егер тауардың бағасы күдік тудырса, міндетті түрде басқа жарнамалардағы бағамен салыстырыңыз. Айырмашылық 10%-дан артық болса, жарнаманың жалған болуы әбден мүмкін.

  • Сипаттамасына мән беріңіз

Алаяқтар мәтінді мүлдем жазбауы мүмкін немесе не үшін төмен бағаға сатқысы келетінін егжей-тегжейлі түсіндіріп, аяныш сезіміңізді тудырып жіберуі мүмкін.

  • Контактісіне қараңыз

Алаяқтар көп жағдайда телефон нөмірін қалдырмайды немесе мессенджерде сөйлесуге шақырады. Кездесуден қашып, түрлі сылтау айтады (сыртта жүрмін, қазір бос емепсін деген секілді). 

Мұндайда телефон нөмірін жазуды өтініп, жеке кездесіп, тауарды көруге мүмкіндік сұраңыз.

  • Тауарды тексеріңіз

Сатушыдан тауарды әртүрлі ракурста фотоға түсіруді сұраңыз. Егер бұл жалған жарнама болса, алаяқтың қолында тауар да жоқ деген сөз. Сондықтан, ол түрлі сылтаулар ойлап табады.

Алаяққа алданып қалған жағдайда не істеу керек?

OLX экспертінен кеңес:

1-қадам: Банкке хабарласуыңыз керек

Банк сіздің картаңызды бұғаттайды. Күдікті транзакциялар жүргізілгені белгілі болса, ақшаңызды қайтарып алуға мүмкіндік бар. Дегенмен ең дұрысы полицияға шағым түсіру керек. 

2-қадам: Сервисте өтініш қалдырыңыз

Сіздің қалдырған өтінішіңіз арқылы сайт әкімшілігі қолданушыны тексереді:

• кез келген сайттың «кері байланыс» қызметін немесе «қолдау қызметін» тауып алыңыз;

• ұсынылған формасын толтырыңыз;

• алаяқтық іс жайлы нақты ақпар беріңіз.

3-қадам: Полицияға шағымданыңыз

Біріншіден, арыз беру – тергеуді бастау үшін қажет;

Екіншіден, арыз беру арқылы сіз жәбірленуші мәртебесін және тиісті құқықтар мен кепілдіктерді аласыз;

Үшіншіден, алаяқты жазалаудан бөлек, материалдық өтемақы алуға мүмкіндігіңіз бар.

OLX “Қауіпсіздік қызметі” сізге алаяқтарға алданып қалмауға кеңес береді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button