Бейжіңде қытай тілінде докторлық диссертация қорғаған тұңғыш қазақ ғалымы
Пекинде докторлық диссертациясын қытай тілінде қорғаған тұңғыш қазақ – ол Қуаныш Амантай.
1979 жылы Алматыда дүниеге келген. Осындағы O.Жаутиков атындағы физико-математикалық арнайы мектепті 1996 жылы үздік бағамен бітіреді.
1996-2000 жылдары Алматыдағы Т. Рысқұлов атындағы қазақ-экономикалық университетінің халықаралық экономикалық қатынастар факультетін қызыл дипломмен тәмамдап, 2001-2004 жылдары Қытай Халық Республикасының халықаралық қарым-қатынастар институтын бітіреді. Қытай тілін үздік оқығандықтан, магистр ғылыми атағы қоса берілді.
2004 жылы ҚХР-дағы қытай дипломатиясында оқуға түсіп, 2008 жылы заң ғылымының докторы деген ғылыми атаққа ие болды. Қуаныш Амантай докторлық еңбегін қытай тілінде жазып, қытай тілінде қорғаған тұңғыш қазақ.
Ол өзінің диссертациялық еңбегінде қазақ-қытай мемлекеттерінің саяси және экономикалық өзара қатынастарына жан-жақты тоқталып, оның әрбір саласының басталуы мен дамуына терең мән бере отырып зерттеді. Қытай тілінде, сондай-ақ, қазақ тіліндегі зерттеулердің әлі аз екенін ескеріп, ол ағылшын, орыс тілдеріндегі деректер мен материалдарды да жан-жақты қамтыды. Былайша айтқанда, жас ғалым өзінің ғылыми ізденісін қазақ, қытай, ағылшын, орыс сияқты төртілді тең пайдалана отырып жүзеге асырды. Оның мұндай табандылығы мен жан-жақтылығы біздің ғылым қуған жастарымызға аса үлгі боларлық жағдай.
Жас ғалымның осындай алғырлығымен білімдарлығын аттестациялық комиссия мүшелері болған қытай және корей халқының профессорлары жоғары бағалап, оған докторлық атақ берілуін бір ауыздан қолдады. 2009 жылдың басында ҚХР Мемлекеттік комиссиясы қазақ ғалымына ғылыми атақ беру туралы шешімді бірінші жиылыста-ақ қабылдап, табыстайды.
Жас ғалым Қуаныш Амантай білімді, ізденімпаз болуымен қатар қытайдағы қазақ мемлекеттің елшілігінде қызмет атқара жүріп, қоғамдық істерге де белсене араласты. Қытайдағы қазақ елшілігінің бастамасымен 2005 жылы құрылған студенттер мен жастардың «Жас қыран» атты қоғамдық бірлестігіне тұрақты басшылық жасап, оның беделді, студенттер мен жастардың ынтымағын, білімін нығайтатын ұйым болып дамуына үлкен үлес қосты.
Ол ҚХР-дағы қазақ мемлекетінің елшілігінде 2001- 2002 жж. елшіліктің кезекші комендант қызметін атқарса, 2002-2008 жж. Пекиндегі қазақ және орыс елдерінің кәсіпкерлік жұмыстарын жүргізуші болды.
2009-2011 жылдары Қазақстан сыртқы істер министрлігінің Азия-Африка департаментінің ІІ хатшысы қызметін атқарып, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда және экономика жөніндегі жұмыстарға басшылық жасады.
Мәмлігерлік-дипломатиялық істерге машықтанған жас ғалым соңғы жылдары Қытайдағы қазақ елшілігінің кеңесшісі атанып, қазір Kazakh Invest ұлттық компаниясының Қытайдағы бас өкілі болып қызмет атқарады.