Технология

Ғалымдар алғаш рет адамның миын компьютерге сымсыз қосты

Ғалымдар адамға арналған сымсыз ми-компьютер интерфейсін құрап, көпшілікке таныстырды. Болашақта бұл сал ауруына шалдыққан адамдардың өмірін өзгертуі мүмкін.

Егер дәстүрлі нейроинтерфейстер сым арқылы қосылуды қажет етсе, BrainGate консорциумының жаңа жүйесі Илон Маск құрған Neuralink секілді сымдарсыз басқа бекітілетін шағын таратқыштар арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ жаңа жүйе сыммен жалғанатын жүйеге қарағанда әлдеқайда нақты ақпарат береді екен. Дәлдігі – 91% жоғары.

Зерттеу тетраплегиямен ауыратын (жұлынның зақымдануы кезінде қолдың, аяқтың және жамбас мүшелерінің функциялары бұзылған) екі науқасқа жасалған. Нәтижесінде, имплантацияланған чиптің және таратқыштың көмегімен олар планшет арқылы интернеттен ақпарат іздеп, әртүрлі қосымшаларды қолдана алған.

Бұл сал ауруына шалдыққан адамдардың миы қозғалысқа жауап беретін белсенділігін сақтайтынын дәлелдейді және сыртқы әлеммен өзара әрекеттесу үшін нейроинтерфейстерді қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл технология тек сал ауруына шалдыққан адамдарға көмектесіп қана қоймай, құрылғыны киген кезде ми сигналдарын үздіксіз бақылау арқылы ғалымдарға адам миы туралы көбірек білуге ​​көмектеседі.

Бір кемшілігі таратқыштарда ғана: олардың дербестігі 36 сағатты құрайды, сондықтан аптасына бірнеше рет қуаттауға тура келеді.

Сымсыз ми-компьютер интерфейсі сатылымға шыға ма, жоқ па белгісіз, ол туралы жаңалық жоқ.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button