Технология

Қазақстандықтар да әлемдегі ең ірі мобильді фотосуреттер байқауына қатыса алады

Huawei компаниясы жыл сайынғы NEXT-IMAGE Awards 2021 ұялы фотосуреттер байқауының басталғаны туралы хабарлайды. Huawei-дің әлемнің барлық аймағындағы пайдаланушылары, соның ішінде қазақстандықтар да 70 жүлденің бірін алу үшін жарысқа түседі. Жаңа HUAWEI P50, сондай-ақ басқа Huawei құрылғыларын немесе ақшалай сыйлықтарды алу үшін фото және бейне туындыларыңызды байқаудың ресми сайтына жіберу қажет. Өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.

2017 жылы алғашқы рет ұйымдастырылған бірінші байқаудан бері Huawei NEXT-IMAGE үздіктеріне 2 миллионнан астам жұмыс бақ сынады. Қарапайым шарттар, көптеген номинациялар мен сыйлықтардың арқасында кез келген әуесқой фотограф пен видеографтың жеңіске жетуге толық мүмкіндігі бар.

Қазақстан мен Орталық Азиядағы Huawei Device компаниясының директоры Фан Джинйонг:

«Қазақстандағы Huawei пайдаланушылары біздің смартфондарды ыңғайлылығы мен техникалық сипаттамалары үшін ғана емес, сонымен қатар кез келген аймақта немесе студия жағдайында жоғары сапалы фотосуреттер мен бейнелер түсіруге мүмкіндік беретін камералары үшін жоғары бағалайды. Біз қазақстандықтарды беделді Huawei NEXT-IMAGE Awards 2021 байқауында өз елінің атынан шығуға шақырамыз»

Биылғы NEXT-IMAGE байқауына келіп түскен жұмыстарды әлемнің түкпір-түкпірінен келген фото саласының сарапшы тобы бағалайды. Канадалық экстремалды спорт саласының фотографы Рубен Крэббке Ұлыбританияның атақты өнертанушысы Карен Смит пен француздық радио мен теледидар продюсері Оливье Сиабодо қосылады. Сонымен қатар, қазылар алқасының қатарында Пулитцер жеңімпазы және Шанхай фотографиялық орталығының негізін қалаушы Лю Хын Шинг, былтырғы Next-Image Awards 2020 жеңімпазы Лин Хайинь, BNU журналистика және  байланыс мектебінің профессоры Юй Гуомин пен HUAWEI Consumer Business Group стратегиялық маркетинг жөніндегі директордың орынбасары Ли Чанчжу бар.

Байқауға он санат бойынша қатысуға өтініш бере аласыз. Huawei мобильді камераларының мықты жақтарын қайталай отырып, бұл санаттар пайдаланушыларды фотосуреттер мен бейнелер арқылы түпнұсқалық, әсерлі оқиғаларды айтып, олардың құрылғыларының инновациялық мүмкіндіктерін барынша пайдалануға шақырады.

Байқаудың  http://gallery.consumer.huawei.com ресми парақшасында сіз жүлделер санаттарымен, сондай-ақ, байқау жұмысы мен қатысу шарттарына қойылатын талаптармен таныса аласыз.

Қатысушы болу үшін өз жұмысын компьютерден немесе мобильді құрылғыдан Huawei NEXT-IMAGE Awards веб-сайтының бірінші бетіне жүктеу жеткілікті. Өтінімдер 2021 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады.

Ұқсас мақалалар

Back to top button