Түркістандағы Керуенсарайды салуға қанша қаржы кетті
Жақында, 11 сәуір күні Түркістанда Керуенсарай кешенінің ресми ашылуы өтті. Туристтік кешен дәл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанында орналасқан. Сауда және ойын-сауық кешені жылына 300 мың адамды қабылдай алады. Ішінде екі қонақ үй, мейрамхана, бар, премиум кластағы спа-орталық, кинетеатр мен фуд-корт бар.
Еуропаның Венециясына ұқсас қайық жүзетін суарна, панорамды аттракцион жасалған. Кешеннің іші толған – сауда орындары мен базар. Бәрі шығыс дәстүрімен салынған.
Мұндай алып құрылысқа қанша қаржы кетті десеңіз, Қазақстан Даму Банкінің деректеріне сүйену қажет. Банк дерегінше, Түркістан қаласындағы Керуенсарай кешенін салуға 87 млрд теңге қаржы жұмсалған. Оның 47 млрд теңгесін жекеменшік компания инвестиция түрінде салса, қалғанын банк берген.
Керуенсарай ашылғаннан кейін 20 жылдың ішінде 18 млрд теңге салық сомасын әкеледі деген болжам бар. Құрылыс салу барысында 1 мың адамға жұмыс орны ашылды. Ал қазір кешеннің қызмет көрсету саласында 700-ге жуық адам жұмыс істеп жатыр.