Қазақстанда баспанаға деген сұранысы күрт артты
Қазақстандағы пәтер сатылымы жыл басынан бері 2,4 есе өсті.
Lsm-ның деректеріне сүйенсек, 2021 жылдың ақпан айында үй сатып алу бойынша 22 мыңға жуық келісімшарт жасалса, наурызда 53 мыңға жуық келісімшарт жасалған. Бұл ақпан айымен салыстырғанда 2,4 есе көп.
2020 жылдың аяғында тұрғын үй нарығындағы пәтер қымбаттап кетіп, сатып алушылар да аз болған еді. Пәтер бағасы шамамен 3-5 пайыз қымбаттаған еді.
Ал осы жылдың басында, яғни, қаңтар айының аяғында зейнетақы қорындағы қаржының бір бөлігін алуға рұқсат етілгеннен кейін пәтер сатылымы күрт өсіп кетті. Ақпан айынан бастап пәтер сатылымы арта бастады. Бұл айда 40 мыңнан аса сатып алу келісімшарты жасалған.
Былтыр сәуір-мамыр айларында пәтер сатылымы күрт құлдырағаны есімізде. Небары 10 мыңнан аса пәтер сатылған.
Ал төтенше жағдай аяқталған кезде, жер үйге деген сұраныс артып, маусым айының өзінде елде 10 мыңнан аса жер үй сатылған. Биыл наурыз айында 12 мың 600 жер үй сатылған екен.
Үйдің бағаларына келетін болсақ, бір айдың ішінде пәтер бағасы 3-5% арасында қымбаттаған. Сарапшылардың болжамынша, пәтер бағасы жазда қайта арзандайды. Өйткені тұрғын үй нарығындағы дүрбелең басылып, қасақана қымбаттаған үйлер сатылмай қалады.