Заңдылық: Қай шоқжұлдыздың иелері қанша жыл өмір сүреді?
Адамның дүниеге келген уақыты мен өмір жасының ұзақтығы арасында жіті байланыс бар дейді мамандар. Адам тағдырына оның есімі әсер еткені сынды өмір жасын ұзақтығына да туған күні мен мерзімі әсер етеді екен.
Астрологиялық болжамдар мен деректерді жиналыстара келе зерттеушілер шоқжұлдыз бен адам өмір-жасының арасындағы заңдылық пен байланысты тапқан көрінеді. Мұны әрбір шоқжұлдыздың өміріне мән беру керек.
Сарапшылардың есебі бойынша қай шоқжұлдыз қанша жыл ғұмыр кешеді екен, көрейік.
Тоқты. Тоқтылар ішімдікке салынып, шылым шегуге көп әуестенбесе, әйелдер кем дегенде 78 жыл, ерлер – 79 жыл өмір сүреді.
Тоқтылардың денсаулығын жүрек ауруы, күйзеліс пен ұйқысыздық, бас ауруы құртуы мүмкін.
Торпақ. Торпақтар семіздікке, буын мен бүйрек, қуық ауруларына жақын келеді. Бұдан барынша өзін алыс ұстаған болса, онда әйелдер 80 жасқа, ерлер – 82 жасқа жетуі мүмкін.
Егіздер. Егіздер тыныс жолдары, аяқ пен буын ауруларына бейім келеді. Содан сақтанғаны абзал. Егіздердің ортасы жасы ерлердікі – 78 жас, әйелдердікі – 85 жас.
Шаян. Шаяндардың жанды жері – қан тамыры мен ас қорыту жүйесі. Бұл шоқжұлдыздың иелері қатерлі ісікке көп шалдықпайды екен. Әйелдердің жасы – 73 жас, ерлердікі – 68 жас.
Арыстан. Арыстандар әлсіздікті жақтырмайды, сондықтан бір жері ауырса да дәрігерге бармай жүре беруі мүмкін. Бұл шоқжұлдыздың адамдары қан мен жүрек ауруына жақын келеді. Сондықтан жүрекке мән берген жөн. Әйелдің де, ердің де жасы – 74 жыл.
Бикеш. Бикештер дәмді тағамды жақсы көреді. Дәмді тағамды дайындаудан ләззат алады. Бұлардың әлсіз жері – ас қорыту жүйесі мен асқазан. Егер асқазаны сыр бермесе, әйелдер 81 жасқа, ерлер 77 жасқа дейін жасауы мүмкін.
Таразы. Таразылар климат пен табиғатқа өте әлсіз. Жерсінуі қиын. Қоршаған ортаға өте сезімтал келеді. Сондықтан ыстық пен суықтан көп қашады. Ылғалды, қысымы жоғары мекендерді де аса жақтыра бермейді. Мұның бәрі иммунитеттің нашарлауына әкеледі. Әйелдердің орта жасы – 77 жыл, ал ерлердікі – 73 жыл.
Сарышаян. Өте төзімді адамдар. Сондықтан дәрігерге бармай жүре береді. Аз өмір сүруі де содан. Әйелдердікі – 62 жас, ерлердікі – 63 жас.
Мерген. Бұлар арқа мен мойын, бел ауруларына бейім келеді. Қан мен жүрек ауруларына да шалдыққыш. Ерлер қуықасты безіне көп шалдығады. Ерлердің жасы – 69, әйелдердікі көбірек – 73 жыл.
Тауешкі. Тауешкілердің жақсы бір қасиеті бар: ол – шыдамдылық. Ұзақ ғұмыр кешуіне де осы себепкер. Әйелдердікі – 80 жыл, ерлердікі – 77. Денсаулығына зиян келтіретін негізгі нәрсе – жарақат алу.
Суқұйғыш. Суқұйғыштың иммунитеті біртүрлі: қақаған қыста ауырмау жүруі мүмкін де, жаздың ыстығында тұмауратып қалуы ғажап емес. Қан айналымы мен асқорыту жолы ауруларына бейім. Орта жасы ердікі де, әйелдікі де бірдей – 72 жас.
Балықтар. Балықтар табиғатынан күйзеліс пен меланхолияға бейім келеді. Буын мен аяқ аурулары көп. Әйелдердің орташа жасы – 75, ал ерлердікі – 71 жас.