Қоғам

Ерболдың арманы: мүмкіндігі шектелуі жандарды аяғынан тұрғызу!

Кез келген адамның арманы бар. Сол арманға жету үшін білім алып, еңбек етіп, тер төгеді. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз де осы арманын жүзеге асырғысы келетін, бала күнінде спортта үлкен жетістіктерге жеткісі келген

Игембергенов Ербол Бақытұлы. Ерболдың жасы 42-де.

Ербол 14 жасында отбасымен бірге жол апатына тап болып, арманынан алыс қалғанын айтады. Мүгедектер отыратын орындыққа таңылған Ерболдың бала күнгі арманы жоғалмаған. Ол осы жылдар ішінде түрлі емдеу шараларын қабылдап, қиындықтан көрген. Дәл осы көрген қиындықтары оның бала күнгі арманын қайта оятуға, қайта өмірге келуіне әсер еткен.

Қанша жыл өткеннен кейін мүгедектер арбасында отырған Ербол өзінің бұл өмірге керек екенін сезінген. Ерік-жігерінің бар екенін де түсінген. Ербол әкесімен бірге «ЕРЗИ» деп аталатын мүгедектерге арналған әлеуметтік ассоциациясын құрған және соны қайта басқаруды қолға алған.

Ерболға күш берген, оның мықты болуына, мақсатына жетуіне көмектескен оның әкесі.  Екеуі осы жылдар ішінде жаңа өмірге жол ашып, жаңа арман, жаңа мақсаттарды алдыға қойған. Соның бірі аталған мүгедектерге, өте ауыр жарақат алған жандарға көмектесетін орталық ашу болған.

Қазір орталық ашылған. Орталықта 25 адам ем алып жатыр және басқа да жаңадан емделуге келушілердің саны артқан. Ербол олардың бәріне көмек қолын созғысы келеді. Себебі оның басынан бұл жағдай өткен және ол ауыр жарақат алған, жүріп-тұрудан қалған адамдардың жанын жақсы түсінетінін жеткізді.

Дәл қазір оңалту орталығында:

  1. Адамдардың өмірге деген құлшынысын арттыру үшін түрлі психологиялық және мотивациялық, адамның өзін бағалау секілді мақсаттағы жеке әңгімелесу шаралары өтеді;
  2. Еңбек сіңірген бапкермен жаттығулар болады;
  3. Үрей мен ұяңдықты жеңудің үйретеді;
  4. Жаттығу залына барып емделудің де қыр-сырын үйретеді.

«Біз әлеуметтік қайта оңалту шаралары мүмкіндігі шектелуі жандардың қайта тұрып кетуіне көмектесе алатынын білеміз. Біз, мүмкіндігі шектелуі жандар өзімізді толыққанды азамат ретінде сезініп, қоғамға және елге пайдамызды тигізгіміз келеді. Біздің «қара тізімге» енгізіп қоюдың қажеті жоқ, себебі біз емделе аламыз, бізге тек сапалы және дұрыс оңалту орталықтары керек. Дәл қазір біздің орталыққа Германияда жасалатын «MOTOmed viva2» қайта оңалтуға арналған жаттығу құралының 3 данасы керек. Әр данасы 2.200 000 (жеңілдікпен) теңге тұрады», дейді Ербол.

Біз де Ерболдың арманын орындауына, мақсатына жетуіне көмектесу үшін атсалысқымыз келеді. Бізге жалпы 6 600 000 теңге қаражат керек. Бұл жоғарыда аталған жаттығу құралының үш данасына кететін ақша.

Егер Ерболдың арманы орындалып, мақсатын жетсін десеңіз, осы сілтемеге өтіп, көмек қолыңызды созыңыз: https://start-time.kz/project/details/1922/description

«Qadam.asia»

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button