Бизнес

Alibaba алғаш рет шығынға ұшырады

Alibaba компаниясы IPO-ға кірген сәтінен бастап алғаш рет шығынға ұшырады. Антимонополия қызметіне 2,8 млрд доллар айыппұл төлеген.

Қытай компаниясы наурыз айында жабылған үш айлық кварталда 7,1 млрд юань (1,1 млрд доллар) табыс тапса, 7,7 млрд юань (1,2 млрд доллар) шығынға кірген. Бұл Alibaba онлайн-ритейлерінің 2014 жылы IPO-ға кірген сәтінен бері алғаш рет шығынға ұшырап отыр.

Компанияның шығынға ұшырауына – антимонополия қызметінің наурыз айында салған айыппұлы себеп болса керек. Айыппұлды жабу үшін 2,8 млрд доллар төлеген. Егер айыппұл болмағанда, 18 пайыз табыс табар еді.

Соған қарамастан компанияның бір жылдық табысы бәрібір өскен. Шамамен, былтырға қарағанда 2 пайыздай көбірек табыс тапқан. Ал онлайн дүкенді қолданушылар саны бір жылда 4 пайыз өсіп, жаңадан 811 млн адам қосылған.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button