Ұлттық университетке Әлихан Бөкейхановтың есімі берілмек
Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетке Алаш көшесі Әлихан Бөкейхановтың аты берілуі мүмкін. Елордада Алаш қайраткерлеріне арнап ескерткіш орнатылады. Бұл жайлы ҚР вице-премьері Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға жауап беру хатында хабарлады.
Үкімет өкілінің ресми жауабын Facebook-те жариялаған қолданушы Sultan Khan Zhussip.
«Ақ жол» Демократиялық партиясының парламенттік фракциясы Нұр-Сұлтан қаласының Тұран даңғылы мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы бос алаңға «Алаш» аллеясын ашып, ортасына Алты Алаш көшбасшысы, Алаш Аутономиялық Республикасының үкіметі – Алаш Орданың төрағасы Әлихан Бөкейханға ескерткіш орнату, Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университетке ұлт көсемінің есімін беру туралы Үкіметке депутаттық сауал жолдаған болатын. Ол сауалға вице-премьер Ералы Тоғжановтан төмендегідей жауап берілді», – деп жазды ол.
Құрметті депутаттар!
Сіздердің Ә. Бөкейханды ұлықтау жөніндегі депутаттық сауалдарыңызға қатысты мынаны хабарлаймын.
Бүгінгі күні республика деңгейінде Алаш қайраткерлерінің есімдері 200-ден аса білім және мәдениет мекемесіне берілген. Алматы қаласында, Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Павлодар, Қостанай,
Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Алаш арыстарының есімімен елді мекен, аудан, алаң, көше мен түрлі нысан аталып, оларғаарналған ескерткіштер орнатылған.
Ә. Бөкейханның есімі Қарағанды облысында ерекше ұлықталып келеді. 1998 жылы Ақтоғай ауданында «Үш арыс» (Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков) ескерткіші орнатылды. Қазіргі таңда ескерткіш тұрған жер «Алаш» алаңы деп аталады. 2013 жылы Ә. Бөкейханның туған жері – Ақтоғай ауданында, Жекежал қыстауының орны топырақтан аршылып, іргетасы ретке келтірілді.
2016 жылы Ақтоғайдағы Ә. Бөкейхан атындағы мектеп алдында оған арналған бюст қойылды. 2019 жылы Қарқаралы қаласында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Әлімхан Ермековке арналған ескерткіш ашылды.
Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы қарсаңында биыл Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына ұлт қайраткерінің есімі берілді.
Жалпы өңірде Ә. Бөкейханның есімі 11 көше, 4 мектепке тіркелген. Шымкент қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Ә. Бөкейханның есімі көшелер мен мектептерге берілген.
Анықтама: Ә. Бөкейханның есімі Ақмола обл. – 16 көшеге; Ақтөбе обл. – 2 көшеге; Атырауобл. – 5 көшеге; Жамбыл обл. – 7 көше мен 2 мектепке; Қызылорда обл. – 2 көше мен 1 мектепке, Павлодар обл. – 2 көшеге; Түркістан обл. – 5 көше мен 2 мектепке, Шығыс Қазақстан обл. – 9 көше мен 2 мектепке берілген.
2020 жылы ҚР Ауыл шарушылығы министрлігіне қарасты Қазақ орман және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтына шаруашылығы Ә.Бөкейханның есімі берілді.
Сонымен қатар Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Ә. Бөкейханның есімін беру мәселесі заңнамада белгілінген тәртіппен қаралады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметіне сәйкес Тұран даңғылы мен Сығанақ көшелерінің қиылысындағы аллеяға «Алаш» атауын беру мәселесі алдағы уақытта қалалық ономастика комиссиясының кезекті отырысында талқыланады. Сонымен бірге астана әкімшілігі ағымдағы жылы Алаш арыстарына ескерткіш орнатуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта ескеркішті орналастыру нұсқалары қарастырылуда.
Жалпы Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау жұмыстары жалғасуда және Үкіметтің тұрақты бақылауында.