Қоғам

Қазақстан азаматтарының еңбекақысы 310 мың теңгеге жетеді

Қазақстан азаматтарының орташа еңбекақысы 5 жылдан кейін 300 мың теңге болмақ. Мұндай болжамды ҚР Ұлттық экономика министрлігі ұсынды.

Қазіргі таңда қазақстандықтардың орташа еңбекақысы – 225 мың теңге. Ал аталмыш министрліктің болжамынша, 2026 жылға дейін елдегі орташа еңбекақының көлемі – 313 мың теңгеге дейін көтерілмек. 2022 жылы – 240 мың теңге, 2023 жылы – 259 мың теңге, 2024 жылы – 276 мың теңге, 2025 жылы – 293 мың теңге болады.

Ал минималды зейнетақының мөлшері 43 мың теңгеден 58 мың теңге дейін өспек. Ең төменгі күнкөріс деңгейі сол күйі қалады: 42 мың теңге.

Қазіргі уақытта елде экономикалық белсенді, яғни, жұмысқа жарамда адамдардың саны – 9,3 млн адам. Бес жылдан кейін бұл санатқа 300 мың адам қосылып, 9,6 млн адамды құрамақ.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button