Бүйректегі тасты қалай түсіруге болады?
Бүйректегі тас – бүйректе тұрып қалған қатты химиялық қалдық. Негізінде бүйректе тас тұру – қалыпты жағдай. Көбінесе, ұсақ, кішкене болады. Әрі дәретпен бірге оңай шығып кетеді.
Бірақ бүйрек дұрыс жұмыс істемесе не ағзаның қалыпты жұмысы бұзылса, бұл тас ұсақтап емес, іріленіп кетеді. Кейбірі тіпті бұршақтың дәніндей боп кетуі мүмкін. Ауру осы жерде басталады.
Бүйректе тұрып қалған тас үлкейе келе, дәрет шығу жолдарын бітей бастайды. Бұған дейін сіз бүйректе тас барын өзіңіз де білмейсіз. Бүйрекке барып тас боп тұрып қалатын – ол кәдімгі минералдар. Соның ішінде, кальций. Көбінесе, кальций оксалатынан жиналады. Бүйректе қай минерал жиналып қалғанын тексерген дәрігер айтады. Әрі соған орай ем тағайындайды.
Сонымен бүйректе тас тұрып қалмас үшін не істеу керек? Бұл сауалдың жауабын біз медицина профессоры Алмаз Шарманның мақаласынан таптық. Профессордың кеңесі 6 пунктен тұрады.
1. Суды көбірек ішу. Кейде ағза суға тоймай, сусырап ұзақ жүріп қалса да, бүйректе тас пайда болуы мүмкін. Сондықтан дәретті сұйылту үшін әрі бүйрекке жинала бастаған тұздарды шайып кету үшін суды көп ішу керек. Күніне жоқ дегенде 10 ыстақан су ішкен дұрыс. Бірақ минералды суды емес, кәдімгі фильтрден өткен, ауыз суды ішу керек.
2. Кальций құрамдас тағамдарды жеу. Жоғарыда айтқанымыздай, көбінесе бүйректе тас боп тұрып қалатын – дәл осы кальций. Бірақ ағзаға кальций керек қой, қалай оны ішпейміз дерсіз. Иә, ол да бар. Ағзаға кальций өте қажет. Бірақ оны бүтіндей ішуге болмайды. Мәселен, биологиялық белсенді қоспада (БАД) кальций бүтіндей болады да, сүт, ірімшік, йогурт, брокколи мен апельсинде азықтың құрамдас бөлігі боп қалады. Сондықтан кальцийді жеке ішпей, азықпен құрамдас тағаммен бірге ішу керек.
Оның үстіне, ең қызығы – кальций құрамдас тағам оксаладтың (тұзды) ішекті қорытылып кетуіне ықпал етеді де, ағзаның оның азаюын қамтамасыз етеді. Ал жоғары айтқанымыздай, кальций мен оксаладтың қосындысынан тас көп пайда болады.
3. Оксалатты азайтыңыз. Жоғарыда айтылғандай, оксалат кальциймен қосылып, бүйректе тас күйінде қатып қалады. Сондықтан бүйректе тас табылған жағдайда, оксалат қосылған тағамдарды азайту керек. Бұған қызылша, шай мен кофе, жаңғақ пен шоколад, шпинат және мангольд жатады.
4. Ас содасын аз жеңіз. Ас содасын, яғни, натрийді қолдануды азайту қажет. Күніне 1500 мг жетеді. Натрий азайса, дәреттегі кальцийдің де құрамы азаяды.
5. Ақуыз. Қызыл етті азырақ жеуге тырысу керек. Медицинада етті екі түрге бөліп қарастырады. Бірі – ақ ет, екіншісі – қызыл ет. Ақ етке құстың және балықтың еті жатады. Ал қызыл етке малдың еті жатады. Бүйректе тас табылса, малдың етін азырақ жеу керек. Оның орнына калий көп қызанақ пен бананды жеген жөн. Цитрусты жемістер де жегенге жақсы.
6. Семіздіктен арылу. Семіздік бүйректе тас тұрып қалуға әкеледі. Сондықтан артық салмақ сақтамауға тырысыңыз.