Денсаулық & Психология

Денеге суық өтіп сары су жиналса қалай емделу керек?

Адам денесіне суық өтсе, жел-құздан сарысу жиналып, зардап шегеді. Өне-бойы «сытырлап» суық өтудің алғашқы белгілері көріне бастайды. Мұндайда не істемек керек?

Қазақ халқы суықтың тауқыметін көп тартқан. Жыл бойы қар жатқан суық, қаһарлы қыс, аңызақ жел мен аңыздақ далада күн кешіп суық тигізеді. Сондықтан болса керек, ауру көбін суықтан табады. Оны дер кезінде дауалап сақайтпаса, ауыр зардаптарға апарып соқтырады. Бұған қазақтың «жел құтырса қанға, қан құтырса құртқа айналады» деген сөзі дәлел.

Жел-құз басқа өтсе, бас ауруы, өт пен терінің арасына өтсе шаншу пайда болады. Содан барып адам шойырылатын, құяң ауруына душар болатын, денені сары су алатын, шұр пайда болатын жәйттер болады.

Емделу жолы

Мұндай ауруларды дауалаудың өнімді әдістерінің бірі – лоңқа салу. Бұл арқылы жиылған желді айдауға, ет пен терінің арасындағы сарысуды тартып алуға, қанның қалыпты жүрісін жақсартуға болады.

Қарықтық салу, қарықтық салып қан алу – өте сақтықпен жүргізілетін мұқият қызмет. Бабымен, ретімен жасауды талап етеді. Адам денесінде қарықтық салып, қан алуға болмайтын жерлер бар. Оны да ескеру керек. Қанды сарысуды алып тазалаудың, жел-құзды айдаудың өзіндік жолы, заңдылығы болады. Айталық, төбенің қосындысынан, қара құстан, маңдайдан қану алуға істі жерлер болады.

Ұсақ тамырға, ақшел сіңірге қандауырды тигізіп алудан қатаң сақтану қажет. Аурудың жағдайына қарай қарықтық аптасына екі рет салынады. Жүйке жүйесі, қол-аяқ топ боп қалу сияқты күрделі ауруларға да сондай ақ шиқан, ноғала сияқты қарапайы мауруларға да қарықтық салудың пайдасы зор, өнімі тез.

Буын ауруын емдеу

Жел-құздан болған буын ауруын емдеу үшін ара-ұясы 9 грамм, балдырған 9 грамм, қызыл шұғынық (пион) 15 грамм, шермен гүл 9 грамм суға қайнатып ішіледі.

Жел-құзды емдеу

Тұт бұтағынан 500 грамм, жыңғылдан 30 грамм алып, азырақ су қосып қайнатып, қоюланғанда самасын түзіп тастап жай отқа қайнатып, қоймалжың дәрі жасап, 1 рет 12 грамнан, күніне 2 рет қайнаған сумен ішеді.

30 грамм қос алақанша (лаванда) тамырын суға қайнатып ішеді.

9 грамм ашытқы шырмауығын алып, кептіріп талқандап, қайнаған сумен ішеді.  

120 грамм кепкен қауын тұқымын талқандап, 1 ретте 15 грамнан күніне 2 рет аурудың беті қайтқанша ішеді.

Итмұрынның тамырынан 15-30 грам алып суға қайнатып, күніне 2 рет ішеді.

Алакүлікті (шпанка) кептіріп талқандап, сіріңкенің сабындай дәріні пластрдың үстіне салып ауырған орынға жапсырады. Сәлден кейін сүйдірген тәрізденеді, 5-6 сағат өткен соң дәрі жапсырған орын бұршақтай болып қабарады. 24 сағаттан кейін дәріні алып тастап, қабарған орынды жарып суын шығарып, дезинфекциялайды. Бір жолда өнім бермесе, сол орынның маңайынан қайталай осы әдіс бойынша демесе болады.

6 грамм жеркенені (клещ) кептіріп алып, талқандап күніне 2 рет қызыл арақпен ішеді.

60 грамм қара ерменді сірке суын қосып қуырып, ауырған орынға күніне бір рет тартады.

1 литр ақ араққа 120 грамм тас қынаны 7 күн шылап, күн нұрына немесе пештің үстіне қояды. Осы дайындалған дәріні әр күні кеште бір қасықтан ішеді.

Салат тұқымы 15 грамм, жабайы бұршақ 30 грамм, мақсары (желтяница немесе сафлор) 15 грамм алып, барлығын қосып суға қайнатып, ауырған орынды жуады.

Бел ауруын емдеу

Бір дана лоңқаны алып, ауырға норынға вазелиннен азырақ жағып, артынан лоңқаны төңкеріп, 20 минуттан кейін алып тастап, 7-8 жерден қауырмен шертіп, азырақ алмасты қайраққа өлтіріп шеткен орынның бетіне жағады. Егер бел ауруы салмақты болса, шеткеннен кейін тағы бір 1 рет лоңқа төңркеіп, қанның сары суын шығарып тастап, шеткен орынға өлтірген алмасты жағады. Мұның жел-құздан болатын ауруға бер ауруына емі жақсы.

Алмас өте улу болғандықтан өте абайлап істету керек.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button