Бизнес

Джефф Безос пен Илон Масктың салықтан жалтарғаны анықталды

Әлемнің ең бай адамдарының, оның ішінде Джефф Безос пен Илон Маск те бар, федералды бюджетке біраз жыл салық төлемей, кей жылдары мүлде жалтарып кеткені белгілі болды. Мұны журналисттік зерттеумен айналысатын ProPublica порталы жазды.

Редакция тілшілері АҚШ-тың Ұлттық салық қызметінің мәліметтерін алып тексерген көрінеді. Сонда әлемге танымал, ауқатты адамдардың өзі салықтан жалтарғаны белгілі болды. Мәселен, Amazon-ның негізін қалаушы әрі әлемдегі ең бай адам (дәулеті – $185 млрд) Джефф Безос федералды бюджетке 2007 және 2011 жылы – екі жыл салық төлемеген.

Ал Tesla-ның негізін қалаушы, қазір әлемнің ең бай адамдарының рейтингісінде екінші орында тұрған Илон Маск болса, 2018 жылы салық төлемей қойған.

Ал Майкл Блумберг пен қаржыгер Джорж Соростың да салықтан қашқаны белгілі болды. Сорос тіпті үш жыл салық төлемей сусып кеткен.

Осы жылы АҚШ үкіметі аса ауқатты адамдарға салықты көбейту туралы заң жобасын енгізген еді. Заң жасаушы тұлғалардың айтуынша, мұндай бастама бизнес өкілдер арасында теңдік орнатып, ел экономикасын күшейтеді. 10 жылдың ішінде АҚШ бюджетіне 3 трлн доллар салық түседі екен.

Ал заң мақұлданған жағдайда американың 100 ауқатты адам осы жылы бюджетке 78 млрд доллар салық төлейтін көрінеді.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button