Қоғам

«Баспана хит» аяқталуға жақын: Тағы үш банк өтініш қабылдауды тоқтатты

«Баспана хит» ипотекалық бағдарламасымен жұмыс істеуші үш серіктес банк өтініш қабылдауды тоқтатты. Бұған дейін Халық банк пен Еуразиялық банк лимитті толық игергенін айтып, өтініш қабылдауды тоқтатса, енді ЦентрКредит, Altyn Bank пен Сбербанк тоқтатты.

Аталмыш бағдарламаға мемлекеттік бюджеттен 600 млрд теңге бағытталған. Үш жылға жоспарланған бағдарлама мерзімінен ерте аяқталмақ. Өйткені қарастырылған қаржының барлығы игерілді. Лимит бітті.

Сбербанк өтінішті қабылдауды 5 маусым күні, Altyn Bank 15 маусым, ЦентрКредит 23 маусым күні тоқтатқанын хабардар етті.

Jusan Bank, Forte мен АТФ банктер өтініш қабылдауды тоқтатты ма әлде жоқ па – әзірше белгісіз.

«Баспана хитпен» өтініш қабылдап жатқан әзірше Bank RBK ғана.

Айта кеткен жөн, осы мамыр айында «7-20-25» пен «Баспана Хит» бағдарламасының жабылатыны хабарланған еді. Алдын ала болжам бойынша «Баспана хит» осы жылдың соңына дейін, ал «7-20-25» бағдарламасы келесі жылдың соңына дейін жалғасуы мүмкін екен айтылған. Бірақ «Баспана хит» әлдеқайда ерте аяқталғанға ұқсайды.

Екі бағдарламаның жабылғаны тұрғын үй нарығына қалай әсер еткені жайлы бұған дейін жазған едік.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы желігі басылды: Баспана бағасы тұрақталды

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button