Қасым ханның өмірін баяндаған «Ұлы дала таңы» атты фильмнің түсірілімі аяқталды. Бұл жайлы «Қазақфильм» киностудиясы хабарлады.
«Достар, біз «Ұлы дала таңы» түсірілімін аяқтадық. Біздің команданың әр қатысушысына осы тамаша кезең үшін, баға жетпес тәжірибе үшін, еңбектеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңыз үшін алғыс айтқым келеді», – деп жазды фильм режиссері Ақан Сатаев желідегі парақшасында.
Туындыдағы басты рөлдерді Берік Айтжанов, Данияр Оразаев, Ерік Жолжақсынов және Айдос Әбдіқадіров сомдайды.
Фильм 16 ғасырдағы Қазақ хандығының билеушісі – Қасым ханның жетістіктері туралы баяндайды.