Бизнес

Денсаулықты дұрыс бақылауда ұстаудың амалы – дәрігер кеңесі

Адамға да, дәрігерге де қолғабыс құрал

Денсаулықты бақылауда ұстаудың маңызы зор. Мұны денсаулық мәдениеті деп атайды. Адамның өзінің денсаулығы, оның көрсеткіштері мен белгілерін білуі медициналық сауаттылыққа жатады. Өкінішке қарай, мұны білмейтіндер көп.

Мәселен, біреуден қан қысымың қанша, жүрек соғысының неше немесе қаныңда не жетіспейді деп сұрасаңыз, екінің бірі жауап бере алмасы анық. Кейде жай дүниелердің өзін білмей жатамыз. Мысалы, қан қысымы жоғары ме әлде төмен бе – оны да анықтап жатқанымыз жоқ.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл – денсаулыққа немқұрайлы қарау. Соның себебінен кейде ауруға бара жатқанымызды өзіміз де сезбей қалуымыз мүмкін. Сондықтан қандағы оттегі мөлшерін көрететін пульсоксиметр, қан қысымын өлшейтін тонометр сынды құрылғыларды үйге алып қою керек.

«Бұрын спортшылар ғана тағатын фитнес-білезікті қазір бәрі тағып жүр. Жүрек соғысы, қандағы оттегі көлемі, ағзаның жалпы физиологиялық жағдайын көрсетеді. Кейде осындай гаджеттер қоғам мүшелеріне денсаулыққа қарау керегін, өзінің ағзасына бас-көз болу, оған құлақ асу қажетін үйреткендей көрінеді маған. Өйткені оны тағып жүрген адам медкөрсеткіштерді қарауды өзімен-өзі әдетке айналдырады. Соның арқасында қысым мен стрестен аулақ болуға тырысады», – дейді невролог, медицина ғылымдарының кандидаты Айгүл Құдайбергенова.

Дәрігердің өзі Huawei брендіне тиесілі білезікті тағатын көрінеді. Айтуынша, ақылды білезіктің мүмкіншілігі мол. Әсіресе, сатурация  көлемін көрсететін функциясы тиімді екен.

«Медицинада сатурация дейтін ұғым бар. Ол қандағы оттегінің мөлшері, қанның оттегімен байытылу көрсеткіші дегенді білдіреді. Ағзаға оттегі жетпесе, гипоксияға ұшырайды. Оттегіге ашыққан адам дереу арада ауа бермесе, өкпесі мен басы ісініп кетуі мүмкін. Бұл пандемия кезінде өте өзекті. Өйткені коронавирустан зақымданған адамның да өкпесі тыныс ала алмай тұншығатыны белгілі. Адамның тынысы тарылып, ауа жетпей қиналса, қанға оттегі жетпей жатыр ма әлде өкпе зақымданған ба – соны анықтау керек. Сол кезде сатурация көлеміне қарауға тура келеді. Смарт-білезік оттегіні пульсоксиметр сияқты тінге сәуле жіберу арқылы есептейді», – деп түсіндірді Айгүл Серікқызы.

Маманның айтуынша, мұндай гаджет дәрігерге де – қолғабыс құрал. Браслеттің медицина мақсатында қолданатын тағы бір көрсеткіші – күйзеліс мөлшері мен ұйқы сапасы.

«Мұндай функциясы барын көргенде таңқалдым. Адам смарт-білезікке қарап, қай кезде стресс алғанын көре алады. Әрі сол ситуациядан келесі жолы аулақ болуға тырысатыны анық. Ал ұйқы сапасына қарап, адамның қай уақыт фазасында жақсы ұйықтағанын, қай уақытта ұйықтай алмағанын көреді. Бұл – сомнолог пен невролог дәрігерлерге құнды дерек. Ал жүрек соғысы мен сатурация деңгейі кардиологтарға аса қажет. Жүрек соғысы аритмия сынды жүрек кемістігін бақылауда ұстау үшін керек. ХХ ғасыр Кардиологтар қауымдастығының ұсынысында жүрек патологиясы бар жандарға өлшеуіш құралдарын алып жүру айтылған. Смарт-білезік бұрынғы деректерді сақтап отырады. Ал бұл дәрігерлерге науқастың жалпы жағдайын анықтауға, салыстыруға көмектеседі», – дейді маман.

Ұқсас мақалалар

Back to top button