Ғылым

Топ 5: Ең қызықты автобиографиялық кітаптар

Qadam.Asia ең маңызды деген естеліктер мен өмірбаяндар жинағын оқуға ұсынады. Мұнда ғалым да, жазушы да, актер де, музыкант та және жай ғана әлемді өзгерткен адамдар да бар.

«МЕНІҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫМ»

СТИВЕН ХОКИНГ

КІМ ТУРАЛЫ?

Атақты британдық астрофизик. Эйнштейн, Хьюз, Дирак медальдарының және барлық кәсіби сыйлықтардың иегері. Физика туралы «Уақыттың қысқаша тарихы» атты бестселлерді жазған автор. Көп жылдар бойы Кембридж университетінде математикадан Лукас профессоры лауазымының иесі болды.

НЕ ҮШІН ОҚУ КЕРЕК?

Біріншіден, бұл адам рухының күші туралы трагедиялық оқиға. Жас кезінде Хокингке өлім диагнозы қойылған, бірақ ол аман қалды. Ғылыммен айналысты, отбасын құрды. Екіншіден, қиын да қызықты ғылыми ашылулар жайлы баян. Кітапта Хокингтің адамзаттың жаһандық келешегі туралы ойлары тоғыстырылған. 

«MOAB – МЕНІҢ ҚОЛЖУҒЫШЫМ: АВТОБИОГРАФИЯ»

СТИВЕН ФРАЙ

КІМ ТУРАЛЫ?

Белгілі ағылшын актері, жазушы, драматург, гомофобияға және католик шіркеуіне қарсы күрескер, Шерлок Холмстың жанкүйері. «Blackadder», «Jeeves and Wooster» сериалдарындағы рөлдерімен, Хью Лоримен достығымен, кітаптарымен және эксцентрлі мәлімдемелерімен танымал.

НЕ ҮШІН ОҚУ КЕРЕК?

Себебі, бұл өте күлкілі кітап. Фрай жер бетіндегі ең күлкілі адамдардың бірі ретінде саналады. Автобиография қызықты әңгімелерге толы. Бұл кішкентай бір баланың өмір сүргені, қалай өсіп-жетіліп, өтірікшіге, қылмыскерге айналғаны, осының бәрінен Стивен Фрай деген құбылыстың пайда болуы жайлы мемуар.

«ЕСТЕЛІКТЕР»

ВИКТОР ФРАНКЛ

КІМ ТУРАЛЫ?

Әлемге әйгілі австриялық психолог және психиатр. Психоанализдің жаңа методы – Логотерапияны ойлап тапқан адам. II Дүниежүзілік соғыс кезінде Терезиенштадт концлагеріне тұтқынға түсіп, сондағы адамдарды құпия түрде емдей бастайды. «Өмірге «иә» де! Концлагердегі психолог» кітабының авторы.

НЕ ҮШІН ОҚУ КЕРЕК?

Франклдің «Естеліктері» тұтқындағы қорқынышты тәжірибелерді ғана емес, соғыс пен террордан тыс өмірді де қамтиды. Ол әйгілі Фрейдпен, Адлермен пікірлес болған, психоанализдің дамуына көп үлес қосқан нағыз профессионал. Кітапта Виктор Франклдің қарапайым өмірі де баяндалады, әрине, егер қарапайым деуге келсе…

«ӨМІР»

КИТ РИЧАРДС

КІМ ТУРАЛЫ?

Кит Ричардс – мықты гитарист, культке айналған Rolling Stones тобының негізін салушылардың бірі. Рок-н-ролл тарихындағы ең эксцентрлі музыкант боп саналады. Мик Джаггердің серіктесі, досы әрі жауы болған жан. Әйгілі Satisfaction әнінің авторы. 

НЕ ҮШІН ОҚУ КЕРЕК?

Мемуарда жеке бастың оқиғалары ашық әрі шынайы жазылған. Кітап есірткінің кесірінен тұтқынға түскен Киттің өмірінен басталады. Кейіпкердің отбасы, музыкасы, әйелдері, көпжылдық мансабымен қоса қызықты әңгімелері де осы кітапта жазылған. Ричардстың «Өмірі» 1960 жылдары Мик Джаггер екеуінің Лондон вокзалындағы таныстығынан бастап бүтін бір мәдени дәуірді қамтиды.

«МЕН ӘЛЕМ АЛДЫНДА КУӘЛІК ЕТЕМІН»

ЯН КАРСКИЙ

КІМ ТУРАЛЫ?

1942 жылы польшалық офицер Ян Карский Варшава геттосын құпия түрде аралайды. Осыдан кейін ол Лондон мен Вашингтонға еврейлердің жойылуы туралы құпия есеп беру үшін барған. 1943 жылы Карский АҚШ президенті Франклин Рузвельттің қабылдауында болады, бірақ президент оның қорқынышты куәліктеріне аса сеніңкіремейді. 1982 жылы Ян Карский әлемнің ең әділетті адамы ретінде танылған.

НЕ ҮШІН ОҚУ КЕРЕК?

Карскийді «жалғыз өзі Холокостты тоқтатпақ болған адам» деп атайды жұрт. Әрине, ол жалғыз болмаса да, тағдыр оған ерекше рөл тағайындаған екен. Өзінің кітабында (алғаш рет 1944 жылы АҚШ-та шыққан) ол Польшадағы бөлініс, кеңестік тұтқындағы және неміс оккупациясындағы өмір туралы айтады. Десе де, басты тақырыбы Карский өз көзімен көрген Холокост оқиғасы деп санасақ болады.

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button