Ғылым

Ағылшын тілін үйренуде кедергі болатын 7 жаман әдет

Біздің әрқайсымыздың мақсаттарымыздың орындалуына кедергі келтіретін жаман әдеттеріміз бар. Жалқаулық, өзін-өзі басқара алмау, мотивацияның нашарлығы, білім базасының жоқтығы – осының бәрі әркім үшін де бір-бір кедергі.

Сонымен, тіл үйренуде арылу керекті жаман әдеттерді талқылайық.

  1. Есте сақтау қабілетіне сену

Тақырып бойынша сабақты игергенде қарапайым, түсінікті болса сол тақырыпқа қайта оралмау ең жаман әдет. Бір қарағанда уақыт жағынан ұтымды көрінгенмен, есте сақтау қабілетіңізге сенгеніңізбен, бәрібір тақырыпты қайталауға тура келеді. Әйтпесе, оқығаныңыз жарамсыз болып қалуы мүмкін. «Қайталау – білімнің анасы». Біз бұл нақыл сөзді бала кезден білеміз, бірақ қандай да бір себептермен ұстануға асықпаймыз. Бұл үлкен қателік! Материал оңай болса да, оны қайталау керек. Екінші деңгейге өткен кезде бұрын-соңды мән бермеген ұсақ-түйектерге ерекше назар аудару керек.

  1. Тіл үйренуде ұзақ үзіліс жасау

Демалыс кезеңдерінде саяжайға, ауылға, басқа елге кеткен кезде тіл үйренуді бір айға немесе одан көп уақытқа тоқтата тұруға тура келетін жағдайлар болады. Басқа нәрседен демалсаңыз да, тіл үйренуден демалуға болмайды. Тіл үйренуде ешқандай үзілістің керегі жоқ. Ол сіздің серуен құру, ұйықтау, тамақ ішу секілді тұрмысыңыздың бір бөлшегі болып қалуы керек. Тек тұрақты жаттығулар берік білімнің негізі бола алады.

  1. Тек оқулықтарға сенім арту

Шет тілін өз бетінше меңгеру міндетін қоя отырып, орта мектептердегідей оқулықты оқысам болды деп санайды. Параграфтан параграфқа өтіп, сөздіктер мен ережелерді оқып, тапсырмаларды орындайды. Бірақ бұл теорияға «тойып алып» бірақ ешқащан операцияға қатыспаған хирургтың жағдайымен бірдей дүние.

Не істеу керек?

Сырттан ақпарат алуда кез келген адамда визуалды, сенсорлық, есте сақтау сынды қабілеттер жұмыс істейді. Осы мүмкіндіктің бәрін пайдалану үшін:

  • жүйелі түрде аудиолар тыңдау;
  • видео-сабақтарды күн сайын көру;
  • сөйлесу

осыларды күнделікті атқарып отыру қажет.

  1. Грамматиканы елемеу

Грамматика негіздерін оқу іш пыстыратыны рас. Бірақ онсыз тіл үйрену мүмкін емес. Көпшілігі сөздер мен фразаларды жаттап алсам, олардан сөйлем құрап сөйлей алсам болды емес пе деп ойлайды. Біз өз ана тілімізде грамматиканың аса маңызы жоқ екені белгілі, өйткені кішкентай кезімізден ешқандай грамматикасыз-ақ сөздерді, сосын сөз тіркестерін, сөйлемдерді үйрендік. Бірақ бұл қате. Өйткені ана тіліміз бен ағылшын тілі арасында сәйкестпейтін ережелер көп. Сондықтан басқа тілді үйренгенде оның грамматикасынан аттап кете алмаймыз. Оның үстіне, диалогты дұрыс құрай алу үшін, шетелдіктердің бізді дұрыс түсінуі үшін грамматиканы пайдаланбау мүмкін емес.

  1. Сөйлесуден қорқу

«Олар мені дұрыс түсінбей қалуы мүмкін. Тілім келмей мазақ боламын. Қателік жіберемін» – өз-өзіңізге деген осындай сенімсіздіктер болса, дереу арылған жөн. Жүзуді жағада үйренбейтініңіз анық қой. Ол үшін суға түсуге тура келеді. Бұл да сол секілді – сөйлеу дағдысы болмай, тіл үйренуге кеткен уақытыңыз бекерге өледі.

  1. Сөздерді ғана жаттау

Мектепте бізді тек сөздік жаттауға үйретті. Сөздерді ғана жаттаумен ағылшын тілін үйрене қоймайсыз. Оданда контекстте жаттаған абзал. Бұл сіздің өміріңізді әлдеқайда жеңілдетеді.

  1. Маңызды дүниеге акцент бермеу

Ағылшын тілін үйренуге не кедергі деп ойлайсыз? Сіз үшін? Сылтау табыла береді: жұмыс, үй, оқу, тұрмыстық мәселелер… ешқашан бітпейді. Ремонт біткен соң оқимын, емтихан тапсырып алайын, емделіп алайын – әркімде де осындай сылтаулар көп.

Нені өзгерту керек?

Күнделікті тіршіліктен видео-сабақ көруге жарты сағат уақыт табуға болады. Әлеуметтік желіде біреудің парақшасын ақтарып отырғандағы уақытты тіл үйренуге жұмсасаңыз, өзіңізге үлкен жақсылық жасайсыз! Ыдыс жуып тұрып та, автобуста да, таңертеңгі серуенде де аудио-подкаст тыңдасаңыз немесе теледидардан ағылшын тіліндегі каналды қосып қойсаңыз құлағыңыз осы тілдің дыбысталуына жаттыға береді.

Приоритетті дұрыс қоя біліңіз. Қажетсіз ақпараттардан қашып, уақытыңызды дұрыс жұмсаңыз. Тіл үйренуге кедергі болатын әдеттерден тезірек құтылуға тырысыңыз!

Ұқсас мақалалар

Пікір үстеу

Back to top button