Жаңалықтар

Елордада Жұмабек Ташеновке ескерткіш ашылды

Бүгін елордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында әскери-тарихи музей жанындағы алаңда мемлекет қайраткері Жұмабек Ташеневке ескерткіш ашылды.

«Бүгін көрнекті мемлекет қайраткері, еліміздің гүлденуіне үлкен үлес қосқан Жұмабек Ташеновке ескерткіш ашып отырмыз. Осыған дейін Нұр-Сұлтанда ұлы тұлғамызға көше аты берілген болса, жуырда мектепке есімі қойылды. Енді міне кезек ескерткішке келіп отыр. Ағамыздың мүсіні комиссия мүшелерінің, зиялы қауым өкілдерінің, ұрпақтарының келісімімен құйылды. Дәл сондай-ақ ескерткіштің тұрған орны да мүдделі тараптардың келісімімен таңдалды. Бүгінгі елорда отанымыздың тек саяси ғана емес мәдени және рухани ордасы. Бүгінге дейін Нұр-Сұлтанда еліміздің танымал тұлғаларына арналған бірқатар ескерткіш ашылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында пандемияға қарамастан еліміздің руханиятын көтеретін бастамалар ары қарай да жалғаса береді», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

Өз кезегінде сөз алған мемлекет қайраткері, ғалым Мырзатай Жолдасбеков еліміздің өркендеуі жолында еңбек еткен асыл азаматтарымыз аз болмағанын, солардың арасында Жұмабек Ташеневтің шоқтығы биік екенін айрықша атап өтті. Сол сияқты халқымыздың арда тұлғасына арналған ескерткіш қаламыздың көрікті орындарының бірінен ашылып отырғанын айта келе ел руханиятының дамуы жолында еңбек етіп жатқан қала әкімдігіне алғысын білдірді.

Дереккөз
Елорда әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Back to top button